СҚО кардиоорталығына заманауи ангиограф орнатылды
Петропавлдағы кардиологиялық орталыққа жаңа ангиограф орнатылды. Медициналық мекемені аралау барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аппараттың мүмкіндіктерімен танысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Ангиографтың көмегімен кардиохирургтар жүрек пен қан тамырларына жоғары технологиялық оталар жасауда. 3D бейненің арқасында инфаркт, инсульт және басқа да ауруларды емдеу жақсарды.
Айта кету керек, бұл кардиологиялық орталыққа орнатылған екінші ангиограф. Тағы бір заманауи ангиограф көпсалалы қалалық ауруханада орнатылуда.
Жалпы, 2024 жылы облыста медициналық қондырғыларды алуға 5,1 млрд тг бөлінді. Біздің ауруханалар УЗИ, цифрлық рентген, өкпені жасанды желдету құрылғылары, флюорографтар және наркоз-тыныс алу аппараттарымен толығады.