СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы 15 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды
Бүгін, 2024 жылғы 19 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сот әкімшілігінің Петропавл қаласы бойынша Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б., соттың мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешімі үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында ірі көлемде пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Бұл туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының телеграм-каналында жарияланды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Баймаханов Бекбол Алғыбайұлы 1979 жылғы 27 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы Мақталы совхозында дүниеге келген.
2000 жылы «заңтану» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
2001 жылдың наурызынан 2005 жылдың желтоқсанына дейін- Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында қызметте болған.
2005 жылдың желтоқсанынан 2007 жылдың маусымына дейін – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің бас маманы, жетекші маманы.
2007 жылдың маусымынан 2009 жылдың маусымынан дейін- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментінің бас сарапшысы.
2009 жылдың маусымынан 2011 жылдың наурызынан дейін- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының құжат айналымы және бақылау бөлімінің бас кеңесшісі.
2011 жылдың наурызынан 2015 жылдың тамызына дейін – Астана қалалық сотының бас маманы, бас маман- сот отырысының хатшысы, құжат айналымы және бақылау бөлімінің басшысы, персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, кеңсе меңгерушісі, талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы.
2015 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың маусымына дейін- «Топ-Тур» ЖШС заңгер.
2016 жылдың тамызынан 2022 жылдың ақпанына дейін – Павлодар облысының Ақсу қалалық сотының судьясы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы №799 Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болып тағайындалды