Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-ның өрт сөндірушілері Ресей Федерациясында өткен жарыста үздік үштікке ілікті

СҚО-ның өрт сөндірушілері Ресей Федерациясында өткен жарыста үздік үштікке ілікті

Өрт сөндірушілер арасындағы жарысқа Ресей мен Қазақстаннан 30 команда қатысты. Шара Түмен облысы күні мен Спортшылар күнін мерекелеуге орайластырылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бәсі биік бәсекенің қорытындысы бойынша РФ Түмен облысы бойынша Бас басқармасының ТЖМ командасы жеңіске жетті, ал екінші орын ТЖМ облыстық басқармасының мамандандырылған өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімінің командасына бұйырды. Үздік үштікті Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары түйіндеді. Еліміздің және облысымыздың намысын қорғағандар:

– Ермахан Кәкімов, Шал ақын ауданы №6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы.

– Артем Бродягин, Ғ.Мүсірепов ауданы атындағы №16 өрт сөндіру бөлімінің командирі.

– Руслан Мұстафин, Ақжар ауданы №8 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі

Біздің құтқарушылар халықаралық шарада ел намысын лайықты түрде қорғады. Олар тек жақсы қырларымен және шеберліктерімен көзге түсті. Жерлестеріміздің жеңіске деген ерік-жігерін іс-шараның барлық қатысушылары атап өтті!

Shares