Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-ның түзету мекемелеріне телефон, қуаттағыш құрылғы мен гашиш кіргізілмек болған

СҚО-ның түзету мекемелеріне телефон, қуаттағыш құрылғы мен гашиш кіргізілмек болған

2023 жылы СҚО-да жазасын өтеушілерге телефон мен есірткі кіргізілмек болған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Көп жағдайда сотталғандарға тыйым салынған заттарды туыстары мен достары беруге тырысады. Негізінен әртүрлі тәсіл қолданылады – сәлемдеме ішіне салу, автокөлікпен кіргізу, жеке заттарға қосу, қоршаудан лақтыру. Тіпті квадрокоптерді де қолданатындар бар екен.

СҚО ҚАЖД атап өткендей, әрдайым кейбір тұрғындар ұялы телефондарды, SIM-карталарды, флеш-карталарды, Wi-Fi роутерларын және зарядтағыштарды азық-түлікке, құрылыс материалдарына, автокөлік қаптамаларына, спутниктік антенна тюнерлеріне, киім мен аяқ киімге жіберу арқылы тасымалдаудың күрделі тәсілдерін табады. Жалпы, 2023 жылы мекемелерге 60 телефон кіргізілмек болыпты.

“Есепті кезең ішінде Маңғыстау облысының, Орал, Қостанай және Петропавл қалаларының тұрғындарынан сотталғандарға жолданған сәлемдемелерді тексеру кезінде жалпы салмағы 42,87 грамм есірткі заттарын алудың 4 фактісі тіркелді. Өсімдік тектес заттар темекіге, ет салынған бес литрлік пластик ыдыстағы сүйекте және жаңғақтың ішіне жасырылған. Сараптама нәтижелері бойынша алынған заттар каннабис шайыры, марихуана, гашиш, опий болып шықты.

Жыл қорытындысы бойынша ҚР ӘҚБтК 481-бабы бойынша 6 азаматтық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (3 айыппұл салу, 3 ескерту)”,- деп хабарлады СҚО бойынша ҚАЖД.

 

Shares