СҚО-ның үш ауданында 6 жол учаскесін су шайды
Уәлиханов ауданында “Ақбұлақ-Жасұлан” аудандық маңызы бар трасса учаскесінің Жасұлан ауылынан 5 шақырым тұсында қардың қарқынды еруіне байланысты жол төсемі арқылы су ағып жатыр (ұзындығы 7 м, тереңдігі 10-15 см). Көлік қозғалысы автокөліктің барлық түрлеріне шектелген (Жасұлан-Мортық бағыты бойынша балама жол арқылы жүру мүмкіндігі бар). Су басу қаупі жоқ. ПД күшімен кезекшілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Тайынша ауданындағы жағдай да мәз емес. Мәселен, аудандық маңызы бар “Краснокиевка – Октябрьское” жолының 9, 10, 11 шақырымдарында қардың қарқынды еруіне байланысты 3 жерді су шайды. Ұзындығы 40 метр, тереңдігі 4 см. Жол белгілері қойылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Полиция кезекшілік ұйымдастырды.
Дәл осындай жағдай Уәлиханов ауданындағы “Ақтүйесай-Шағырсай” аудандық маңызы бар автожолында, нақтырақ айтсақ, Ақтүйесай ауылынан 1 км жерде тіркелді. Еріген судың жайылуы 1 учаскеде тіркелді (ұзындығы 15 м, тереңдігі 10-15 см). Қозғалыс автокөліктің барлық түрлері үшін шектелген (Ақтүйесай-Толбухинское бағыты бойынша баламалы жол бар). Су басу қаупі жоқ.
Полиция департаментінің күшімен кезекшілік ұйымдастырылды. Ақжар ауданында облыстық маңызы бар “Қазгородок-Горьковское” автожолының 123 шақырымында қардың қарқынды еруіне байланысты 1 учаскені су шайды (ұзындығы 200 м, тереңдігі 10-15 см). Көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс шектеулі. Су басу қаупі жоқ. Тәртіп сақшылары кезекшілік ұйымдастырды.
Сондай-ақ, Тимирязев, Мамлют, Шал ақында еріген қар суын айдау жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.