Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО ПД – шетелдік автокөліктерді заңдастыруды ресімдеуге бір айдан аз уақыт қалды

СҚО ПД – шетелдік автокөліктерді заңдастыруды ресімдеуге бір айдан аз уақыт қалды

СҚО ПД процессингтік орталығының хабарлауынша, шетелдік тіркеудегі көліктерді заңдастыру туралы 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін берілген өтінімдер 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ғана қаралады. Полицейлер шектелген мерзімді еске сала отырып, автокөліктердің иелерін заңдастыруды аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге қоюға шақырады, QZ Media тілшісі.

2023 жылғы 23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Петропавл қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына 15 мың 635 өтініш келіп түсті. Бүгінгі таңда 10 мың 582 бірлік көлік құралы тіркелді.

“Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шетелдік тіркеудегі көліктерді заңдастыру туралы өтінімдерді Үкімет Қаулысына сәйкес 23 қаңтар мен 30 маусым аралығында қабылдады. 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін еліміздің аумағына енгізілген автокөліктер заңдастыруға жатпайды. Автокөліктерді заңдастыруға қатысты сұрақтар бойынша жұмыс күндері 8 (7152) 32-00-22, 32-00-19 телефондарына хабарласып жүгінуге болады”,- деп хабарлайды СҚО ПД.

Shares