СҚО полицейлері 19 жастағы студент пен 32 жастағы Петропавл тұрғынынан 129 грамм мефедрон тәркіледі
Петропавлдың 32 және 19 жастағы екі тұрғыны синтетикалық есірткі таратты деген күдікке ілініп, қамауға алынды. Қазан айының басында полицейлер оларды ер адамға тиесілі «Mercedes» автокөлігінде ұстады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Автокөліктен психотроптық зат салынған 30 түйіншек тәркіленді, тағы 72 түйіншек күдіктілерден өздерінен табылып алынды. Сондай-ақ полиция студенттің тұрғылықты жерінен 27 грамм есірткі тәркіледі. Сонымен қатар, ер адам жұмыс істеген бөлмеден тәртіп сақшылары ұнтақты зат қабаттары бар бос зип-лок қаптарын тапты. Күдіктілерден жалпы салмағы 129 грамм тұз және мефедрон синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қылмыстың бастамашысы қыз болғаны анықталды.Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген