Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО полицейлері ауыл тұрғынының үйінен бір келіден астам есірткі тәркіледі

СҚО полицейлері ауыл тұрғынының үйінен бір келіден астам есірткі тәркіледі

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында үйінен марихуананың аса ірі мөлшері тәркіленген 55 жастағы солтүстікқазақстандық 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды QM Media тілшісі.

Мамлют ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғынының үйінен полицейлер өзіне тән иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған 8 полимерлік түйіншек анықтады. Дәл осындай зат қағаздан жасалған екі ораманың ішінде болды. Бұл заттың жалпы салмағы 1 келі 22 грамды құрады. Сараптама нәтижесі оның кептірілген марихуана екенін көрсетті. Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғынның үйінен екі пластикалық бөтелке тәркілеп алды.

“Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу барысында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру фактісі тексеріледі”, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров.

Shares