Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО полицейлері елордалық әйелден жарты келі синтетикалық есірткі тәркіледі

СҚО полицейлері елордалық әйелден жарты келі синтетикалық есірткі тәркіледі

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі таратуға қатысы бар күдікті әйелді ұстады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

2023 жылдың желтоқсан айында мамандар Набережная көшесінде кетіп бара жатқан Hyundai Elantra автокөлігін тоқтатты. Көлік салонында Астана қаласының ешқайда жұмыс істемейтін 43 жастағы тұрғыны отырды. Ол Петропавл қаласында уақытша тұрып келген.

Әйелден 80 түйіншек тәркіленді. Сараптама нәтижесіне сәйкес бұл зат мефедрон синтетикалық есірткісі болып шықты. Оның тұрғылықты мекенжайынан да есірткі мен буып-түю құралдары табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 0,5 келіден асты. Бұның 247,8 грамы – мефедрон және 322,36 грамы – α-PvP есірткісі.

“Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел уәкілдердің ақпараты бойынша интернет-дүкендегі кураторлары күдіктіні буып-түюші ретінде Петропавл қаласына жіберген. Әйел 2 ай жұмыс істеп келген. Алынған есірткі партиясы облыста тәркіленген ең ірі синтетикалық есірткі партияларының бірі”, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Shares