Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО полицейлері өрттен қос зейнеткерді құтқарды

СҚО полицейлері өрттен қос зейнеткерді құтқарды

Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны экипажының қызметкерлері екі зейнеткерді өрттен құтқарды. Сондай-ақ, полицейлер газ баллонын үйден шығарды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жексенбі, 19 қараша күні 11:05 шамасында патрульдік қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Жәнібек Әнуарбеков пен полиция старшинасы Қанат Балтабаев Жас Өркен шағын ауданының жеке секторында түтінді байқаған.

Патрульдік полицейлер қалың түтін Иртышсая көшесіндегі жеке екі пәтерлі үйден шыққанын анықтады. Олар оқиғаны өрт сөндіру қызметіне хабарлаған, содан кейін 70 және 71 жастағы зейнеткер ерлі-зайыптыларды үйден қауіпсіз жерге шығарады. Артынша газ баллонын да шығарды.

Өрт сөндірушілер электр желілерінен туындаған өрт ошағын жедел жойды. Полиция мен өрт сөндірушілердің кәсіби бірлескен әрекеттерінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.

Өрт сөндірушілер тиісті жұмысты аяқтағаннан кейін Жәнібек Әнуарбеков пен Қанат Балтабаев бекітілген маршрутта қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруды жалғастырды.

Shares