Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО полицейлері Петропавлда есірткі зертханасының құрылуына жол бермеді

СҚО полицейлері Петропавлда есірткі зертханасының құрылуына жол бермеді

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті қызметкерлерінің назарына 36 жастағы Астана қаласының тұрғыны мен 46 жастағы қарағандылық азамат ілікті. Қолда бар ақпарат бойынша олар Петропавлға синтетикалық есірткі тарату мақсатында келген, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Қызметтік іссапар барысында солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер күдіктілердің синтетикалық есірткі өндіретін есірткі зертханасын ұйымдастыруға қажетті жабдықтар мен 90 келі прекурсорлар жеткізілген Алматы облысындағы жалдамалы үйдің орналасқан жерін анықтады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша зертхана 18 келіге жуық есірткі өнім шығармақ болған. Есірткі өндіруге жол берілмеді, күдіктілер Петропавл қаласына жеткізіліп, қамауға алынған. Қазіргі уақытта іс материалдары ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз пайдаланған деген айып бойынша сотқа берілді. Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Shares