СҚО полицейлері Петропавлдың су тасқыны аймағында қалып қойған қарт күзетшіні құтқарды
Речпорт аймағында күзетші болып жұмыс істейтін 64 жастағы қала тұрғыны су құрсауында қалып қойды. Дауыл ағыны оны құрлықтан алшақтатып тастады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Күзет агенттігінің директоры қызметкерді эвакуациялауға үлгермей қалды. Содан кейін ол айналма жолда кезекшілік атқарып тұрған полицейге жүгінді. Ол болған оқиға туралы ақпаратты Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевке баяндап берді.
Жұмалиев дереу ПБ қызметкерлерімен және Заречный кентінің ауданындағы тәртіп сақшыларының қарамағында тұрған үш моторлы қайықтың бірімен сол жерге жетті.
“Қалалық ЖПҚ бөлімшесі бастығының орынбасары Жақсылық Байбосыновтың басшылығымен тәртіп сақшылары 300 келілік қайықты үйінді бөгет арқылы алып өтті. Полиция қызметкерлері Азат Исаев пен Нұрлан Көкабаев қайыққа отырды. Таяз тереңдікке байланысты ескекпен жүруге тура келді. Күшті ағынмен жүріп, олар күзетші құтқаруды күтіп тұрған қақпаға жүзіп, оны жағаға аман-есен жеткізді. Операция шамамен 8 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде су деңгейі кем дегенде 4 метрге дейін көтерілді”, – делінген полиция хабарламсын
Петропавл полициясының балансында қала әкімдігі берген 5 қайық бар. Қазіргі уақытта олардың барлығы су тасқынына қарсы іс-шараларға қолданылып жатыр.