Сқо полициясы Бескөл мен петропавл аралығында жүк көліктерін емін-еркін жүргізуде
Петропавлға Бескөл ауылынан кіреберіс тұсты және Мамлютка шығар тас жол учаскесін су шайды. Облыс әкімдігінде атап өтілгендей, бұл – уақытша құбылыс. Мән-жайды QZ Media тілшісі толығырақ баяндайды.
Бұл ретте полиция департаменті азық-түлік және басқа да тауарлар, жанар-жағармай, гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктерінің емін-еркін қатынауына жағдай жасауда.
«Осыған орай, облыс орталығының барша тұрғындарына хабарлаймыз! Қала үздіксіз қажетті дүниелермен қамтамасыз етіліп жатыр», – делінген әкімдік хабарламасында.