Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО полициясы Петропавлдағы автобустарды тексеруде

СҚО полициясы Петропавлдағы автобустарды тексеруде

Балағат сөздер айту, қоқыс тастау, мас күйінде жол жүру, жүргізушілер тарапынан темекі шегу – мұндай құқық бұзушылықтарға жол беретін жолаушылар жиі кездеседі. Құқық бұзушылықтарға “нөлдік төзімділік” қағидатын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін нығайту мақсатында Солтүстік Қазақстан полицейлері “Тасымалдаушы” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

СҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, алдын алу жұмысына баса назар аударылады. Тәртіп сақшылары жадынамалар таратады, автобустарда темекі шегуге, алкоголь ішуге және қоғамдық тәртіпті бұзуға тыйым салатын әкімшілік заңнаманың баптарын түсіндіреді. Сондай-ақ полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларға құқық бұзушылық фактілері кезінде “102” арнасына немесе “102” мобильдік қосымшасы бойынша дереу полицияға жүгінуге кеңес береді. ЖПІШ жергілікті атқарушы органдармен және жұртшылық өкілдерімен тығыз өзара іс-қимылда өткізіледі. Сондай-ақ шара аясында СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының орынбасары Григорий Тыш “AMANAT” партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының алаңында тасымалдаушылармен және мүдделі мемлекеттік органдармен кездесті.

“Бүгінде облыс орталығында 100-ден астам автобус бейнекамералармен жабдықталған. Біз барлық тасымалдаушыларға осы тәжірибені енгізуге кеңес береміз. Бейнебақылау орнату – қылмыс пен құқық бұзушылықтардың “ізін суытпай” ашуға ықпал ететін тиімді құрал, демек, алдын алудың сенімді құралдарының бірі. Сондай-ақ штаттан тыс жағдайларда полицияға қоңырау шалу үшін “дабыл түймелерін” орнатқан жөн. Біздің басымдықтарымыз — қоғамдық көлік ішіндегі құқық бұзушылықтардың кез келген түріне “нөлдік төзімділік”, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету”, – деді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының орынбасары Григорий Тыш.

 

 

 

 

 

 

 

Shares