СҚО прокуратурасы бизнесті қорғау жұмысын күшейтті
Облыс прокуроры Есіл ауданында өңірдің бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Кездесу барысында облыс прокуроры Бас Прокурордың бизнес субъектілерінің және азаматтардың жолданымдарын қарау жұмысын күшейту туралы нұсқауын кәсіпкерлерге мәлімет үшін жеткізді. Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу және жергілікті бизнесмендердің проблемалары талқыланды, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша сұрақ қарастырылды.
“Кездесу өте нәтижелі болды. Іс-шара қорытындысы бойынша біз кәсіпкерлерден бизнесті қолдағанымыз үшін бірқатар алғыс алдық. Көтерілген мәселелердің барлығы менің жеке бақылауыма алынды”, – деп атап өтті өңірдің бас прокуроры Қайрат Әбдіханов.
Жалпы, жыл басынан бері облыс прокуратурасының басшылығымен әртүрлі сұрақтар бойынша 65-тен астам бизнес субъектісі жеке қабылдауда болған.