Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО құтқарушылары Муай-тайдан Қазақстан чемпионы атанды

СҚО құтқарушылары Муай-тайдан Қазақстан чемпионы атанды

21-23 ақпан аралығында Камиль Сафин атындағы бокс мектебінде ерлер мен әйелдер арасында муай-тайдан 2025 жылғы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Шешуші жекпе-жектерде елдің ең мықты спортшылары өздерінің қайсар мінезін, күшін және жеңіске деген жігерін көрсетті. Бұл туралы СҚО ТЖД хабарлады, деп жазады QZ News.

Демалыс күндері финалдық жекпе-жектер өтіп, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

«Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, спорттық аренада да өңір намысын лайықты түрде қорғап келеді. Биыл олар чемпионаттың алтын медалін жеңіп алды: Ермағамбетов Шамиль (СҚО) – 54 кг салмақ дәрежесінде чемпион Заякин Руслан (СҚО) – 75 кг салмақ дәрежесінде чемпион», – делінген СҚО ТЖД хабарламасында.

Енді чемпиондар Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында мамыр айында Түркияға аттанып, әлемдік жарыстарда ел намысын қорғайды.

Shares