Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО құтқарушылары суға толы шұңқырға түсіп кеткен әйелге көмек көрсетті

СҚО құтқарушылары суға толы шұңқырға түсіп кеткен әйелге көмек көрсетті

Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылар тобы Кызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылында суға толы шұңқырға түсіп кеткен әйелдің көлігін сәтті эвакуациялады, деп хабарлайды QZ News.

Бұл жағдай нөсер жаңбырдан кейін орын алған. Жаңбыр салдарынан шұңқыр суға толып, жолдағы қауіптілік көзге көрінбей қалған. Жүргізуші оны байқамай судың ортасында қалып қойған. Құтқару қызметінің жоғары өтімді техникасының және жедел әрекет еткен топтың арқасында көлік шұңқырдан дереу шығарылды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Құтқарушылар жүргізушілерге жауын-шашыннан кейін жолда аса мұқият болуды ескертеді, себебі жасырын кедергілер көзге көрінбеуі мүмкін.

Shares