Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО тұрғын қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 5 тәулікке қамалып, алкоголь ішуге тыйым салынды

СҚО тұрғын қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 5 тәулікке қамалып, алкоголь ішуге тыйым салынды

Қызылжар аудандық сотында ауыл тұрғынының қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды, деп хабарлайды QZ News.

Аталған азаматқа қатысты құқық бұзушылық жыл ішінде қайталанғаны атап өтілді, ал бұған дейін ол әкімшілік жазаға тартылған болатын.

«Сотта ер адам кінәсін мойындап, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаны тағайындауды сұрады. Кінә іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық куәландыру қорытындысымен және полиция қызметкерінің рапортпен дәлелденді», — деп хабарлайды Қызылжар аудандық соты.

Айыпталушы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодексінің 440-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар оның мінез-құлқына арнайы талаптар белгіленіп, үш ай мерзімге алкогольді ішімдіктерді, есірткі құралдарын және психотроптық заттарды пайдалануға тыйым салынды.

Shares