Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО ТЖД солтүстікқазақстандықтарға алыс жолға шықпауға кеңес берді

СҚО ТЖД солтүстікқазақстандықтарға алыс жолға шықпауға кеңес берді

21 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында дауылды жел тұрды. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олардың хабарлауынша, алдағы уақытта желдің екпіні сақталады, қар, жаңбыр жауады және көктайғақ болады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Қазгидромет” СҚОФ-ның ақпараты бойынша, 22 және 23 қараша күндері СҚО-ның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ пен боран туралы да ескерту жарияланды. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 с/м болады. Ұйытқу 23-28 с/м жетеді. 22 қарашада облыстың оңтүстігінде, шығысында, 23 қарашада облыстың оңтүстігінде, батысында күштілік 30 с/м асып түспек.

Петропавлда 22-23 қараша күндері қар, жаңбыр, көктайғақ, боран күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 15-20 с/м, кейде екпіні 23-28 с/м жетеді.

«Осыған байланысты ҚР ТЖМ СҚО Төтенше жағдайлар департаменті мынаны ұсынады: үй ішінде көбірек болу үшін өз іс-әрекетіңізді ұйымдастырыңыз, балаларды ерекше бақылауға алыңыз, елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеңіз, елді мекендерден алыс жерде көлікпен ұзақ сапарлардан, аң аулаудан және балық аулаудан аулақ болыңыз, бұл ақпаратты көршілерге хабарлаңыз, қажет болған жағдайда науқастар мен қарттарға көмек көрсетіңіз. Пешті жылыту, электр және газ аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы да ескертеміз. Сізге тәулік бойы жұмыс істейтін 112 телефоны туралы еске саламыз, оған төтенше жағдай немесе қауіп төнген немесе туындаған жағдайда әрқашан жүгіне аласыз», – делінген хабарламада.

 

 

Shares