Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО ҰҰ Академиясының әскери қызметшілері Президенттік көп сайыста жоғары нәтиже көрсетті

СҚО ҰҰ Академиясының әскери қызметшілері Президенттік көп сайыста жоғары нәтиже көрсетті

СҚО Ақжар ауданының Талшық ауылында облыстық қысқы Президенттік көпсайыс өтті. Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілері лайықты өнер көрсетіп, жоғары спорттық даярлық деңгейін көрсетті, деп хабарлайды QZ News.

Петропавл қаласының намысын қорғаған Академия өкілдері өз шеберліктерін тағы да дәлелдеп, жүлделі орындарды жеңіп алды. Физикалық даярлық және спорт кафедрасының бастығы, подполковник Мақсат Нүсіпов 40-49 жас санаты аралығында 1-орынды иеленді. Тактика және жалпы әскери пәндер кафедрасының бастығы, полковник Николай Александрович Корнилов 50-59 жас санатында күміс медальды жеңіп алды.

Чемпионатқа облыстың 14 ауданынан спортшылар қатысты, олар өз шеберліктері мен жеңіске деген жігерін көрсетті. Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілері физикалық даярлық деңгейлерін тағы да дәлелдеп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Shares