Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «СҚӨЭЭК» АҚ Солтүстік Қазақстан облысының жеке сектор тұрғындарына ескерту жасады

«СҚӨЭЭК» АҚ Солтүстік Қазақстан облысының жеке сектор тұрғындарына ескерту жасады

Күзгі-қысқы маусым басталғалы облыс орталығындағы жеке сектор тұрғындары үйлерін жылыту үшін ұзақ жанатын пештерді жиі пайдалануда. Өндірушілердің нұсқауларына сәйкес, қазандықтың бұл түрін электрмен жабдықтау тек жалпы жүйеден ғана емес, сонымен қатар дизельдік генератор қондырғылары сияқты қосымша үздіксіз қуат көзінен де жүзеге асырылуы керек, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бүгінгі таңда тұтынушылардың көпшілігінде электрмен жабдықтаудың екінші көзі жоқ.

Осыған байланысты «Солтүстік Қазақстан өңірлік электр энергетикасы компаниясы» АҚ жоспарлы жұмыстар немесе технологиялық үзілістер кезінде тұтынушыларға электр энергиясын беру уақытша шектелуі мүмкін екенін ескертеді.

Жұмыс істеп тұрған қазандықтың өрті мен жарылуын болдырмау үшін резервтік қуат көзінің жұмысқа жарамдылығын тексеру немесе оны сатып алу және орнату қажет.

 

Shares