Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Тағы бір көлік өрттенді

Тағы бір көлік өрттенді

Облыс орталығында тағы бір көлікті от шалды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

СҚО ТЖД ақпараты бойынша, сағат 19:51-де “101” телефонына Пушкин көшесі, 196 мекенжайында орналасқан жеңіл автокөлікті от шалғаны туралы ақпарат түскен. Өрт сөндіру күзеті шақыру орнына сағат 19:56-да жетіпті.

“Келген кезде капот астындағы кеңістік өртеніп жатты. Өрт 20:01 минутта оқшауланды, 20:06-да СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің күшімен – жеке құрамның 20 адамы және 5 техникамен жойылды”, – делінген СҚО ТЖД хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 4 наурызда Қызылжар ауданы Бескөл ауылына кіреберістегі жанармай құю станциясының жанында тағы бір көлікті өрт шалды. Өрт сөндірушілер келген сәтте автокөліктің салоны толығымен жанып жатқан.

 

Shares