Тағы да дауылды жел соғады
Тағы да дауылды жел соғады! Бұл туралы солтүстікқазақстандықтарға ескертілді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Синоптиктердің болжамы бойынша 28 қараша күні облыстың оңтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел облыстың көп бөлігінде шығыс, оңтүстік-шығыстан соғады. Екпіні – 15-20 с/м.
Петропавлда 28 қараша күні жел шығыс және оңтүстік-шығыстан соғады. Екпіні – 15-20 с/м.
ТЖ департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындарына аса қажетсіз елді мекендерге бармауға, ұялы телефондарында смс-хабарламаларды қадағалауға кеңес береді. Ал шыққан жағдайда туыстарыңыз бен жақындарыңызды хабардар ету міндетті.