Тайынша ауданында найзағай тұрғын үйдің өртенуіне себеп болды
Тайынша ауданына қарасты Краснокамен ауылында 4 маусым күні кешкі уақытта найзағай түсіп, жекеменшік үйден өрт шықты. Оқиға Целинная көшесінде орын алды. Найзағай тұрғын үйдің шатырына түскен, деп хабарлайды QZ News.
Найзағай салдарынан залдағы созылмалы төбе мен жиһаз өртеніп кетті. Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.