Таңдай қақтырар Петропавл
Облыстық бейнелеу өнері музейінде суретші Александр Листопадныйдың көрмесі ашылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Листопадний Александр Иванович – Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы қала жоспарлаушылар Одағының мүшесі. 1951 жылы Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданы Ұзынкөл ауылында дүниеге келген. Болашақ сәулетші бала кезінен сурет сала бастады. 1977 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын Сәулет мамандығы бойынша бітірді.
Александр – халықаралық және қазақстандық көрмелер мен конкурстардың қатысушысы және жүлдегері. Облысымыздың бірқатар ірі жобаларының авторы: Булаев қаласындағы мешіт, Пески ауылындағы мешіт, Тонкошуровка ауылындағы католиктік ғибадатхана, Петропавл қаласындағы «Вознесения Господня» православие ғибадатханасы, Ленинград облысындағы 314 атқыштар дивизиясының қаза тапқан жауынгерлеріне арналған монумент, Петропавл қаласындағы СҚУ обсерваториясы, бизнес-орталық, Астанадағы қонақ үй-кеңсе кешенінің жобасы және бірқатар ландшафттық сәулет нысандары мен тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта құру.
Бейнелеу өнеріндегі артықшылықтар: боялған графика, әртүрлі техникадағы академиялық сурет-қарындаш, сия, пастель, көмір, гуашь, кескіндеме.
Александрдың «Үйлесімділікке жол» көрмесінде түрлі жанрлар мен техникалардағы 54 жұмыс ұсынылған. Бұл негізінен қалалық пейзаждар, Петропавл сәулеті. Алайда, суретшіні натюрморт, тақырыптық композиция және портрет бірдей қызықтырады.
Мұражайға келушілер суретшінің шығармашылығымен бір ай бойы таныса алады.