Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Тақырыптық иіз үйлер, қонысаударушылардың этноауылы, ботай мәдениеті: Петропавлда мереке қалай өтті

Тақырыптық иіз үйлер, қонысаударушылардың этноауылы, ботай мәдениеті: Петропавлда мереке қалай өтті

Петропавл қаласының орталығында тағамдар дайындалды, концерт болды, ойындар ойналды. Қазақстан Конституциясы көшесінде мереке қонақтарын қолөнер шеберханасы да қуантты. Кез-келген адам жүннен қолөнер бұйымдарын жасау мүмкіндігін иеленді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қазақстан халқы үшін жаңару күні. Барлық адамға жақсылық әкелетін күн. Наурыз мерекесінде Қазақстанда тұратын барлық халықтарға амандық, ал сіздердің отбасыларыңызға бейбітшілік пен бірлік тілеймін. Қазақ халқының өзіндік кескіндеме өнері бар. Біз оны бүгін ұсынып отырмыз. Көптеген дүние жасалады. Жас ұрпақты қазақ халқының қолөнерімен таныстыру – аса маңызды міндет”, – деді қалалық білім бөлімінің өкілі Нұрлыгүл Жұмашева.

Тәуелсіздік стеласының жанында Наурызға байланысты этноауыл ашылды, онда ұлттық дәстүрлерді көріп қана қоймай, өз мүмкіндігінді сынап көруге де рұқсат етілді.

Балалар мен ересектерге арналған шеберлік сабақтарын тәжірибелі оқытушылар өткізді. Қонақтар жүннен картина жасауды үйренді. Жүнмен сурет салу – бұл щеткаларды, бояуларды, қарындаштарды немесе суды пайдаланбай, матаның негізіне әртүрлі тондағы жүнді жабыстыру әдісімен картина жасаудың ерекше тәсілі, нәтижесінде табиғи материалдан өте көркем жұмыс өмірге келеді.

“Бұл қолмен жасалған. Ал мынаны менің анам тікті. Өте қиын жұмыс, көзге үлкен жүктеме. Бүгін барлығын халыққа ұсынып, сатуды жөн көрдік. Анамның жақсы тоқуының арқасында, біз бағаны сәл көтере алдық. Оның құны 50 мың теңге”, – деді қолөнерші Жаңыл Құмарғажы.

“Ботай – Ұлы дала мәдениеті” картиналар мен қолдан жасалған бұйымдар көрмесі де ұйымдастырылды. Ол мерекенің ерекшелігіне айналды. Бірегей жұмыстарды ересектер де, балалар да зерттеді.

Ал қолөнершілер қала тұрғындарына зергерлік бұйымдарды жасауды үйретті. Дайын өнім жасаған адамға тапсырылады. Мастер-класс көптеген қатысушыларды тарта алды.

“Менің әпкем осында тұрады, орталыққа серуендеуге шығып, осындай іс – шараға келіп, осындай әдемі әшекейді жасадым, немереме Петропавлды еске алып тұруы үшін сыйлаймын”, – деді Қостанай қаласының тұрғыны Орынкүл Зарипова.

Наурыз мейрамына Қозыбаев университетінің шетелдік студенттері белсенді қатысты.

Shares