Тепличное ауылындағы бөгетті нығайту туралы СҚО әкімі: «Басты міндет — елді мекеннің толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
Қызылжар ауданына қарасты Тепличное ауылындағы бөгетте су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда. Жұмыстар тоқтаусыз, тәулік бойы төртінші күн қатарынан жүргізілуде, деп хабарлайды QZ News.
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов бөгеттегі нығайту жұмыстарын тәулік бойы жеке бақылауда ұстап отыр.
«Үш күннен бері тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз. Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін нығайту барысын жеке өзім бақылаудамын. Кеше 30 мың қадам жүріп өттім, бүгін де сондай қашықтықты еңсердім», — деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желілерде.
Жұмыстарға барлық қажетті техника тартылған, шатырлар тігілген, тамақтандыру ұйымдастырылған. Бөгетті нығайтуға 1,6 мыңға жуық адам — кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер және құтқарушылар жұмылдырылған.
Аудандар да өз көмектерін көрсетуде. Көршілес өңірлерден құтқару жасақтары келді. 90 мың қап төселді. Су толтырылған бөгет орнатылды. Бөгеттің астынғы бөлігінде су өтуінің алдын алу үшін сүңгуірлер де жұмысқа тартылған. Өңір басшысы халықпен кездесіп, барша тәулік бойы аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді.
«Басты міндет — елді мекеннің толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Барлық қауіп-қатер толық жойылғанша жұмысымызды жалғастырамыз», — деп атап өтті СҚО әкімі.
08:00-дегі жағдай бойынша Петропавл қаласындағы Есіл өзенінде су деңгейі — 1177 см. Соңғы екі сағат ішінде су +1 см .