Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Тоқаевқа сыйға тартылған Наурыз күшігі өсіп қалды

Тоқаевқа сыйға тартылған Наурыз күшігі өсіп қалды

Президент Тоқаевтың баспасөз қызметі мемлекет басшысына сыйға тартылған Наурыз атты күшіктің қандай болғанын көрсетті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Литер басылымына сілтеме жасап.

Президенттің үш асыл тұқымды тазысы бар: төрт жасар арлан тазы Ронни, бес жасар ұрғашы тазы Нэнси және Наурыз. Соңғысы бір жас, төрт айда.

“Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады”,- делінген арнайы хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 21 наурызында Қасым-Жомарт Тоқаев тазы көрмесіне барған кезде Наурыз атты күшік сыйла тартылған болатын. Сыйлықты асыл тұқымды ит өсіруші Анна Захарова ұсынды. Ол кезде Наурызға бір жарым ай ғана болды. Сонда мемлекет басшысы тазының ерекше жануар екенін баса атап өтті. Ит қазақтар үшін жеті қазынаның бірі саналды.

Shares