ТҮКШ бөлімі: шектелген үйлердегі жылумен жабдықтау-қалпына келтірілуде
Назарбаев көшесі бойындағы учаскеде дәнекерлеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Петропавл әкімдігінің ТҮКШ бөлімі жазды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Ақпарға сүйенсек, қазіргі уақытта гидравликалық режим қалпына келтірілуде.
“Кейін жылу трассасын толтыру жұмысы басталады. Жылумен жабдықтау жүйесіне ауаның кіруіне жол бермеу мақсатында оны босату жүргізіледі. Осы арқылы шектелген үйлерді жылумен жабдықтау қалпына келтіріледі. Құрметті қала тұрғындары! Жылу желілерінің учаскелеріндегі зақымданулар жалпы болып табылмайды. Бүкіл қаланы жылумен жабдықтауға әсер етпейді”, – делінген ТҮКШ бөлімінің хабарламасында.