Үйлерді су басу, қаңғыбас иттердің көбею және баспана кезегі мәселесі Петропавл қаласы әкімінің бақылауына алынды
Петропавл қаласының әкімі «AMANAT» партиясы СҚОФ қоғамдық қабылдауында жеті адамды қабылдады. Серік Мұхамедиев шаһар тұрғындарымен талқылаған барлық мәселенің шешілуін жеке бақылауына алды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Облыс орталығы тұрғындарының бірі қала басшысынан Изтолин-Совет-Жұмабаев көшелерінің қилысындағы үйлерді су басу мәселесін шешуді сұрады. Оның сөзінше, қайта қалыпқа келтіру жұмыстары кезінде тіршілік көзі жүретін құбырлар зақымданған. Осының салдарынан проблема туындап отыр. Жерлесіміздің қалауы – кемшілікті түзету және суды сорып алу,
Тағы бір мәселе Солнечный-2 ауылындағы учаскеге электр қуатын қосуға қатысты болды. Тұрғындардың қалауындағы бұл іске «Севказэнерго» рұқсат берген. Бірақ, мәселе туындап отыр. Учаскеде электр қуатын қосатын қондырғы жоқ екен.
Сондай-ақ, қала тұрғындары Серік Мұхамедиевке Солнечный-2 ауылын жарықтандыру, жол жөндеу, қаңғыбас иттермен күресу, тұрғын үй кезегін реттеу және шаһардағы бау-бақша серіктестігінің жұмысын заңдастыру мәселесімен жүгінді.