Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ұлттық Ұлан Академиясының қызметкері Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды

Ұлттық Ұлан Академиясының қызметкері Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды

2024 жылдың 5-8 желтоқсан аралығында Астана қаласындағы “Аманат” партиясының ғимаратында Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының жылдың қорытынды жиыны өтті. Бұл іс-шара елдің рухани құндылықтарын дәріптеп, дәстүрлі өнердің дамуына үлес қосқан тұлғаларды марапаттауға арналды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Ұлттық Ұлан Академиясының мұражай филиалының басшысы Жұмабек Қайыртайұлы Рахимов Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Құрмет грамотасымен марапатталды. Марапатты “Аманат” партиясының депутаты, белгілі ақын Аманжол Әлтаев салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды QZ News

Астана қаласындағы “Аманат” партиясының ғимаратында Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының жылдың қорытынды жиыны өтті. Бұл іс-шара елдің рухани құндылықтарын дәріптеп, дәстүрлі өнердің дамуына үлес қосқан тұлғаларды марапаттауға арналды. Жұмабек Қайыртайұлы ұзақ жылдар бойы ұлттық құндылықтарды сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келеді. Оның еңбегі Ұлттық Ұлан Академиясында тарихи мұраны зерттеу, жинақтау және насихаттау жұмыстарымен тікелей байланысты. Академия мұражайы арқылы курсанттар мен қонақтар еліміздің тарихы және рухани байлығымен таныса алады.

Салтанатты марапаттау рәсімінде Жұмабек Қайыртайұлы алғыс сөз сөйлеп, өз алғысын білдірді:

“Мені осындай жоғары марапатқа лайық деп тапқандарыңызға үлкен рақметімді айтамын. Бұл — менің жеке еңбегімнің ғана емес, бүкіл Академия ұжымының жемісі. Ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттау — әрбіріміздің борышымыз. Алдағы уақытта да халқымыздың тарихын, мәдениетін және батырлық рухын дәріптеуге аянбай еңбек ете беремін. Осындай мүмкіндікті сыйлаған Академия басшылығына, әріптестеріме, сондай-ақ бүгінгі іс-шараның ұйымдастырушыларына шын жүректен ризашылығымды білдіремін.”, – дейді Ұлттық Ұлан Академиясының мұражай филиалының басшысы

Shares