Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » ҰҰ курсанттары Федор Щегловты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

ҰҰ курсанттары Федор Щегловты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Петропавлда Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары мен 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Отан соғысының ардагері Федор Щегловты Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. 98 жастағы майдангердің үйінің алдында әскери оркестр сүйемелдеуімен саптық марш өтті, деп хабарлайды QZ News.

Федор Щеглов Кёнигсбергті шабуылдауға қатысқан. Оның ерлігі елеусіз қалмай, II дәрежелі Отан соғысы орденімен және «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

Бұл игі бастаманы Ұлттық ұланның курсанттары мен сарбаздары көтеріп, Академия мен әскери бөлім басшылығы қолдады. Майданда танкист болған ардагер жас жауынгерлерге соғыс жылдарындағы ауыр сәттер туралы естеліктерімен бөлісті.

«Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне көрсеткен құрметі мен ықыласы үшін алғысымды білдіремін. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын. Ең бастысы – соғыс ешқашан болмасын», – деді ардагер.

Shares