Ведомствоаралық комиссияның отырысы
Бүгін облыстық әкімдікте өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өті. Жиында жол саласындағы «Қызылжар су» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері, Петропавл, Есіл және Мамлют аудандарында 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысының қорытындылары, биылғы жылға арналған ведомствоаралық комиссия жұмысының қорытындысы және 2025 жылға арналған жоспарды бекіту туралы сұрақтар қаралды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Сондай-ақ құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы да өтті. Күн тәртібінде төрт мәселе болды: өрттің алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жолдардағы оқыс оқиғалар деңгейін төмендету шараларының тиімділігі, аудан орталықтарында жедел басқару орталықтарын құру, ведомствоаралық комиссияның 2024 жылғы жұмысының қорытындылары және алдағы жылға жоспарды бекіту.