Волонтер – қоғамның қозғаушы күші
Қазақстан халқы Ассамблеясында өткен іс-шара барысында волонтерлік қызметтің қоғамдық өмірдегі маңыздылығы сөз болды. Оны «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің мүшелері ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Волонтерлердің басты міндеті – басқаларға көмектесу. Ерікті нақты әрекет пен жұмыс көлемін волонтер өзі таңдайды: ол тұрақты жұмыс немесе бір реттік бастама болуы мүмкін. Кез келген волонтерлік жұмыс, мейлі ол тазалық іс-шарасында қоқысты тазалау немесе үлкен қайырымдылық қорымен бірлесіп жұмыс істеу болсын тегін жүргізіледі.
«Түрік мәдениеті» бірлестігінің өкілдері белсенділер мен еріктілердің маңызды жұмысын тағы да еске салды. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен түрлі ұйымдардың белсенділері қатысты.
«Өңірімізде волонтерлік қызметке әртүрлі жастағы адамдар тартылып, белсенділер қатары күн сайын артып келеді. Әр адам волонтерлік қызметтен өзінің жанына жақын дүние табады. Адамдар басқаларға көмектесу арқылы кәсіпке, достарға ие болады. Бұл кеште біз белсенділерді де марапаттаймыз», – дейді «Түрік мәдениеті» қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Диляра Гасанова.
Қонақтарға облыс орталығының шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.