Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Восток» бау-бақша серіктестігіндегі жол-көлік оқиғасы

«Восток» бау-бақша серіктестігіндегі жол-көлік оқиғасы

Желі қолданушылардың бірі көліктің бағанаға соғылған видеосын жариялады. Оқиға «Восток» бау-бақша серіктестігінде болды. Петропавл қалалық ПБ бұл жол апатына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qz Media тілшісі.

Анықтай келе, 9 қыркүйек күні кешке Петропавл қаласының полиция басқармасына “Восток” бау-бақша серіктестігінің аумағында жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде электр беру тірегі зақымданғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері Land Rover маркалы автокөлікті тапты, алайда оқиға орнында жүргізуші де, жолаушы да болмаған.

“Бау-бақша серіктестігінің күзет қызметкерлерінің сөзінше, көлікте екі адам болған. Іздестіру шараларының нәтижесінде 27 жастағы Land Rover жүргізушісі анықталып, бау-бақша серіктестігінің аумағында ұсталды. Ер адамға медициналық куәландыру жүргізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша ЖКО-да зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері материал жинауды жүзеге асыруда, содан кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады”,- деп түсініктеме берді Петропавл қаласының полиция басқармасы.

 

 

 

 

Shares