Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Жедел жәрдем қызметкерлері 68 жастағы солтүстікқазақстандықты аман алып қалды

Жедел жәрдем қызметкерлері 68 жастағы солтүстікқазақстандықты аман алып қалды

Түскі уақытта жедел жәрдемге тұншығып жатқан 68 жастағы ер адам жайлы хабар түскен. Оқиға орнына дәрігерлер бригадасы жылдам аттанған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Мамандар келген кезде науқастың жағдайы өте ауыр болды. Өкпенің созылмалы ауруларының өршуіне байланысты астматикалық статус өзгерді. Көмек көрсету кезінде қан айналымының тоқтауынан жүрек ырғағының толық болмауы – асистолия тіркелді. Трахеялық интубация және адреналин қолдану арқылы ACLS стандарттарына сәйкес реанимациялық шаралар дереу басталды. 2 кезеңдік ұзартылған жүрек-өкпе реанимациясынан кейін қан айналымы қалпына келтіріліп, жүрек ырғағы пайда болды», – делінген облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының хабарламасында.

Осдан кейін вазопрессорлық қолдау және жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен науқас қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Shares