Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Жекелеген азаматтар үйлерін тастап кетуден бас тартуда”, – Петропавл қаласының прокуратурасы эвакуация жайлы айтты

“Жекелеген азаматтар үйлерін тастап кетуден бас тартуда”, – Петропавл қаласының прокуратурасы эвакуация жайлы айтты

Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы күрес штабының шешімімен, Заречный кентінің тұрғындары, ауыл шаруашылығы жануарлары мен Петропавл қаласының саяжай қауымдастықтары өкілдері көшірілуде, деп хабарлайды QZ Mediа тілшісі.

“Сонымен қатар, жекелеген азаматтар үйлерін тастап кетуден бас тартып, сол арқылы өздеріне және жақындарына қауіп төндіруде. Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 50-бабына сәйкес, адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда, төтенше жағдайды жою жөніндегі басшысы төтенше жағдай эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастырады. Осыған байланысты тұрғындардан қазіргі жағдайды түсініп, эвакуациялау шараларына кедергі жасамауды сұраймыз”, – деді Петропавл қаласының прокуроры Тыныбек Сапаров.

Прокурордың айтуынша, мүлікті сақтау үшін, полиция қызметкерлері эвакуациялау аймақтарында кезекші жасақтарды орналастырды.

Shares