Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Жергілікті синоптиктер ақпан айына болжам жасады

Жергілікті синоптиктер ақпан айына болжам жасады

Ақпан айында ауа температурасы орташа есеппен 13,2-15,3°С болады деп күтілуде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қазгидромет” РМК СҚО бойынша филиалында ақпанның бірінші онкүндігінде сынап бағанасы түнде -23°С-тан төмен түспейтіні хабарланды. Ал күндізгі уақытта суық күндерде ауа температурасы 15-17°С-қа жетеді.

“Екінші онкүндікте ауа температурасының түнде -20-25°С-тан -8-13°С-қа дейін, күндіз -15-20°С-тан -3-8°С-қа дейін біртіндеп жоғарылауы болжанады. Үшінші онкүндікте ауа температурасының түнде -13-18°С-тан -4-9°С-қа дейін, күндіз -8-13°С-тан -4+1°С-қа дейін ауытқуы күтілуде”, – деді “Қазгидромет” РМК СҚО бойынша филиалында.

Қар, боран екінші және үшінші онкүндіктердің басында күтіледі. Тұман үшінші онкүндіктің ортасында және соңында болуы мүмкін. 15-20 м/с жел екінші және үшінші онкүндіктерде болады деп болжанады. Метеостанциялардағы көпжылдық бақылауларға сәйкес, ақпан, наурыз, сәуір айларында тәулігіне бір айлық жауын-шашын мөлшері түсуі мүмкін, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына әкелуі мүмкін. СҚО-да су тасқынына бейім 87 елді мекен бар. Олар ТЖД-да есепке алынды.

Shares