Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Жезқазған-Петропавл” тас жолы көлік түрлері үшін қайтадан ашылды

“Жезқазған-Петропавл” тас жолы көлік түрлері үшін қайтадан ашылды

18 сәуір күні “Жезқазған-Петропавл” тас жолында ауыр жүк көліктері және жеңіл автомобильдер үшін қозғалыс қайта жанданды. Автожолдағы қарғын судың тереңдігі – қазір 20-дан 30 см-ге дейін, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Судың әсерінен трассаның кейбір жерлерінде шұңқырлар пайда болды. Жолдың жиегі мен көлбеу бөлігін тиісті жағдайға келтіру үшін шамамен жарты мың қап табиғи тастың бөліктері дайындалды. Қалпына келтіру жұмыстары жол төсемінде су болмаған кезде басталады.

“Біз осы жол учаскесінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырдық. 3 бірлік техника тартылды: трал жергілікті тұрғындарды тасқынның арғы шетінен бергі шетіне тасымалдады, сондай-ақ бізде жүк тиегіш пен К700 кезекшілікте болды. Қажеттілік туындаған жағдайда ауыр жүк көліктері іске қосылды. Су бойында 3 автокөлік қирады. Біз бұл автокөлік құралдарын сүйреу жұмыстарын жүргіздік”, – деді “Қазавтожол” АҚ СҚОФ директорының орынбасары Қанат Өсербаев.

Shares