«Жолымыз жарылыстардан кейінгідей»: Петропавлдағы Индустриальная қысқа көшесі шілдеден бері жөнделмеген
Халықпен кездесуде қала әкімі Серік Мұхамедиев Петропавлдың барлық көшелерін қамтыған ауқымды жөндеу жұмыстары туралы айтты. 45 көшеге шамамен 8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Индустриальная қысқа көшесінің тұрғындары жаңашылдыққа әлі қол жеткізбеді. Олардың көшесіндегі ескі асфальт шілде айында алынып тасталды, бірақ әлі жаңасы жоқ. Әкіммен кездесуде алаңдаушылық білдірген тұрғындар, жауын-шашын жақында басталады деп жан ұшыруда. Оның үстіне бұл жермен жүретін жалғыз автобус мұндай жолмен жүруден бас тартуда.
«Біздің автобус жүрмейді десек болады, өйткені жолдар шұрық-тесік. Жол жабындысы шілдеде алынып тасталды. Бүгінгі күнге дейін жолды ешкім салып жатқан жоқ. Біздің көшеміз жарылыстардан кейінгідей. Оларды бұрынғы асфальтпен жауып қойды. Қазір жаңбыр жауады, бұл тесіктер шайылады, яғни, қайтадан автобус жүрмейді. Ал балаларымыз балшықпен жүруге мәжбүр болады. Жаяу жүргіншілер жолы жоқ, жаңбырдан кейін жүру мүмкін емес», – деп ашуға басты қала тұрғындары.
«Иә, мен бұл жағдаймен таныспын. Көшелеріңіздегі ағымдағы жөндеу жұмыстарын «Грант» компаниясы жүргізгенін айтқым келеді. Мен жұмысқа кіріскенде олардан бірнеше жолды сапасыз болғандықтан қабылдамағанымды айттым, тізімде осы жол да бар. Айдың соңына дейін жұмысты аяқтаймыз», – деп сендірді қала әкімі.
Бұл күні көптеген сұрақтар қойылды, кейбіреулері сол жерде шешілді, қалғандары бойынша азаматтарды Серік Мұхамедиев жеке қабылдауына шақырды.