Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Жұдырығын ала жүгірген петропавлдық екі жарым жылға сотталды

Жұдырығын ала жүгірген петропавлдық екі жарым жылға сотталды

Өткен жылы қараша айының соңында Назарбаев көшесі, 138 мекенжайындағы үйдің ауласында 34 жастағы петропавлдық 45 жастағы мүгедек адамға дене жарақаттарын келтірді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бұл қылмыс қоғам ішінде наразылық тудырды. Қала тұрғындары бұл фактіні әлеуметтік желілерде қызу талқылады. Полицейлер күдіктіні анықтап, ізін суытпай ұстады. Істі тергеу барысын СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов өз бақылауына алды.

“Тағайындалған сараптамалар денсаулыққа орташа зиян келтірілгенін көрсетті. Барлық мән-жайды жан-жақты және объективті қарап шыққан қалалық тергеушілер материалдарды ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша сотқа жіберді.5 қаңтар күні сот айыпталушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Бұл – бұзақылық ниетпен денсаулыққа орташа зиян келтіру үшін заңмен көзделген ең қатаң жауапкершілікке жақын”,- деп хабарлайды СҚО полициясы.

Полицейлер ескерткендей, қандай да бір заң бұзушылық туралы білген жағдайда әлеуметтік желілерде видео жариялаумен шектелмей, «102» арнасына хабарласуға болады немесе «102» мобильдік қосымшасын пайдалану қажет. Қосымшада құқық бұзушылықтың жасалған орны мен уақытын көрсету арқылы қоңырау шалу, мәтіндік, фото, видео хабарлама жіберу мүмкіндігі бар.

Shares