Петропавловск
+21°C
Главная страница » Рубрики » Солтүстіктің мақтанышы » Еңсегей бойлы Ераға

Еңсегей бойлы Ераға

2 ноября, 2026 18:20

Кей адамдардың өмір жолына қарап отырып, атқарған қызметінен гөрі, артында қалдырған адамдық ізін аңғуға тырысасың. Лауазымы ауысқанымен, мінезі өзгермейтін, қызметі жоғарылаған сайын қарапайымдылығы арта түсетін азаматтар болады. Ерік Есімұлы – сондай жандардың бірі. QZ NEWS тілшісінің материалынан оқи аласыздар.

Қызылжардың қоңыр салқын мінезіне ұқсайтын бір болмысы бар. Сабырлы, асықпай сөйлейді, әр сөзін салмақтап айтады. Ал бір істі қолға алса, соңынажеткізбей тынбайды. Оны жақсы білетіндердің бәрі осы қасиеттерін алдыменатайды. «Еңсегей бойлы Ераға» деген сөз оның сыртқы сымбатын ғана емес, ел алдындағы беделін де аңғартатындай.

Ерік Есімұлы 1960 жылдың 1 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысыЖамбыл ауданының Орталық ауылында дүниеге келген. Туған жерденалыстамай, бар күш-жігерін Теріскейдің өсіп-өркендеуіне арнады.

1982 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығыбойынша тәмамдап, еңбек жолын Тимирязев ауданындағы «Хмельницкий» кеңшарында бастады. Кейін Жамбыл аудандық арнайы шаруашылықбірлестігінде бас экономист, Ленин аудандық агроөнеркәсіптік бірлестігіндеаға экономист және жоспарлау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. Ауылдың тыныс-тіршілігін, шаруашылықтың жайын, еңбек адамының мұң-мұқтажын осы жылдары терең таныды.

1995 жылдан бастап Есіл ауданы әкімінің экономика жөніндегі орынбасарыболып, мемлекеттік қызметке араласты. 2002–2004 жылдары Ақжарауданының әкімі, кейін облыс әкімінің әлеуметтік сала, экономика жәнеқаржы жөніндегі орынбасары болды. 2008–2009 жылдары Петропавлқаласын басқарды. 2012–2013 жылдары Есіл ауданының әкімі қызметінеқайта келді. Ал 2013–2017 жылдары «Қазпошта» АҚ Солтүстік Қазақстаноблыстық филиалын басқарды.

Бірге қызмет атқарған әріптестері Ерік Есімұлын ең алдымен әділдігі мен адамға деген құрметі үшін бағалайды.

– Қазақ халқы «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дейді. Әділдік– кез келген басшының ең басты қасиеті. Ерік Есімұлының бойындағы осы қасиет оны өзгелерден даралап тұрады, – дейді Кемел Қарашаұлы.

Ол Ерік Есімұлымен жиырма жылдан астам уақыт бірге еңбек еткен. 1997 жылы облыс әкімдігіне қызметке келгенде, оның қарамағында жұмыс істеген.

– Құжат дайындағанда бірнеше сағат бойы қатар отыратынбыз. Әр сөйлемдіталдап, мазмұнын тереңдетіп, дәлдігін қамтамасыз етуге тырысатын. Сол жылдар мен үшін үлкен өмір мектебі болды. Мемлекеттік қызметкердіңжауапкершілігі қандай болуы керектігін Ерік Есімұлынан үйрендім, – дейдіол.

Кемел Қарашаұлының айтуынша, Ерік Есімұлы қарамағындағықызметкерлерге дауыс көтеріп сөйлеген емес. Әр маманға құрметпен қарап, мәселені сабырмен түсіндіру арқылы шешетін. Сондай-ақ қандай да біршешім қабылдамас бұрын жан-жақты саралап, асықпай ой елегінен өткізетін.

Оның қарапайым халыққа деген ықыласын Ақжар ауданында болған біроқиғадан да аңғаруға болады.

2002 жылы аудан әкімі болып тағайындалған кезінде Жандос Мәдиғажыұлыесімді тұрғынмен танысады. Сол жылы жазда өтетін байқауға дайындалыпжүрген Жандостың үйінде көмір болмайды. Мәдениет үйінің басшысы оғанғимаратты жылытуға бөлінген көмірден 20–30 қап беріп, жертөлеге қойыпты. Кешке аудан әкімі келгенде, жағдайдың мән-жайын біліп, бұл оқиға ел ішіндеестелік болып қалған.

– Соның арқасында қыстан аман шыққан едік. Ерік Есімұлы біздің үйдісатып алуға да қаражат бөлдіріп, Моңғолиядан келген қандастарға көпқолдау көрсетті. Ол атақ-марапатын пайдаланғысы келетіндерге емес, еңбекқор адамдарға бүйрегі бұрып тұратын азамат, – дейді ЖандосМәдиғажыұлы.

Ерік Есімұлының елге сіңірген еңбегі тек әлеуметтік-экономикалық саламеншектелмейді. Руханият пен тарихи мұраға да айрықша көңіл бөлді. Ақжарауданының әкімі кезінде Алаш арысы Смағұл Сәдуақасұлының бюстінорнатуға, музейін ашуға мұрындық болды. Кейін Қызылжардағымектептердің біріне қайраткердің есімін беру және ескерткішін орнатужұмыстарына да атсалысты.

Бұл – тарихи тұлғаның есімін ұлықтаумен қатар, кейінгі ұрпақтың санасынаелдік рухты сіңіруге бағытталған маңызды іс еді. Жас таланттарды қолдауы, ұлттық руханиятқа жанашырлығы да оның азаматтық ұстанымының біркөрінісі.

Кітапқа деген құштарлығы да ерекше. Оны жақсы білетіндердің айтуынша, үйіндегі кітап қоры шағын кітапханаға татиды. Кітапты дос тұтқан адамныңойы орнықты, сөзі салмақты келетіні белгілі.

Ерік Есімұлының өмір жолына үңілсек, оның әр салада жауапты қызметатқарғанын көреміз. Экономист болды, шаруашылық басқарды, аудан мен облыс деңгейінде еңбек етті, Петропавл қаласының әкімі қызметін атқарды. Ал 2017 жылдан бері Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар аумақтықбірлестігінің төрағасы ретінде еңбек адамдарының құқықтары мен әлеуметтікмүдделерін қорғау, еңбек қатынастарын дамыту және әлеуметтік әріптестіктінығайту бағытында жұмыс істеп келеді.

Қызмет атауы өзгергенімен, өмірлік ұстанымы өзгерген жоқ. Әділдік, жауапкершілік, адамға құрмет және туған жерге адалдық – оның азаматтықболмысының басты тіректері.

Адамның ғұмыры – атқарған қызметтерінің тізімі емес, артында қалдырғанізі. Біреуге көрсеткен көмегі, берген ақылы, жас ұрпаққа жаққан үміті, ел тарихына қосқан үлесі. Ерік Есімұлының ел алдындағы еңбегін де осындайөлшеммен бағалаған жөн.

Теріскейдің төл перзенті туған жерінен алыстамай, өмірінің бар белесін ел қызметіне арнады. Жылдар өтті, қызметтер ауысты, бірақ мінезі өзгермеді. Сабырлы қалпы, салмақты сөзі, әділ шешімі мен еңбек адамын бағалайтынқасиеті оны елге етене етті.

Сондықтан да Қызылжар жұртының оны құрметпен «Ераға» деп атауы тегінемес.

Елге қызмет ету – биік лауазымда отыру емес, халықтың сөзін тыңдап, мұңын түсініп, қолыңнан келген жақсылығыңды жасау. Ерік Есімұлыныңөмір жолынан осындай қарапайым да қадірлі ақиқатты көреміз. Еңсесі биіказаматтың ел алдындағы ең үлкен марапаты да – осы.

 

Shares