Науқас парағы ашылған қазақстандықтар жұмыс істеген жағдайда ақы төленеді ме?
Ауырып, науқас парағы ашылған қазақстандықтарды жұмысқа шақыруға болады. Бірақ еңбекақы тек жәрдемақы ретінде түсуі мүмкін, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі NUR.KZ. ұйымына сілтеме жасап.
Егер қызметкер ауырып қалса, онда ол дәрігерлерге жүгініп, уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты ала алады – “науқас парағы” деп аталады. Бұл еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіне ақшалай төлемдер алуға мүмкіндік береді және әдетте қысқа мерзімге беріледі (бастапқыда 3 күн, содан кейін бас дәрігердің бұйрығымен 6 күнге дейін ұзартылады).
Дегенмен, науқас парағы күнін көбірек күндерге ұзартуға болады. Ескерер жайт, кейде қызметкерден онлайн жұмыс істеуді немесе шұғыл тапсырмалар үшін кеңсеге баруды сұрауы мүмкін. “Заңгер “Параграф” Telegram-арнасының хабарлауынша, бұл жағдайда қызметкердің қаржылық мүдделері қорғалмауы мүмкін. Науқас парағы ашылған қазақстандықтар еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі төлемдерді жұмыс берушінің есебінен алады. Олардың мөлшері айына 25 АЕК-ке жетуі мүмкін (2024 жылы 92 300 теңге). Яғни, ауырған күндер үшін алынған сома жалақы мөлшерінен аз болуы мүмкін.
Дереккөзде көрсетілгендей, егер қызметкер жұмысқа шақырылса, онда бұл жұмыс күні үшін төлем тек науқас парағы бойынша есептеледі.
“Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақыны ішінара төлеу қолданыстағы заңнамада көзделмеген. Тиісінше, сол кезеңде еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жалақы да, жәрдемақы да төленбейді”, – делінген дереккөзде.
Егер қызметкер ауырып, еңбек парағы ашылғанын хабарласа, онда жұмыс берушінің жұмысқа жіберуге құқығы жоқ. Осылай дереккөзде жазылған. Алайда, кейбір жұмыс түрлері жұмыс беруші (компания) үшін шұғыл болуы мүмкін, осыған байланысты уақытша науқас парағын ашқан қызметкерін жұмысқа шақырады. Бұл жағдайда қосымша төлем мәселесі келісім негізінде шешілуі керек.
“Осыған сүйене отырып, қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде жұмысқа шыққаны үшін еңбекақы немесе еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы төлеу мәселесін тараптар өзара келісім бойынша шешуі тиіс деп есептейміз”, – делінген дереккөзде.
Басқаша айтқанда, жұмыс беруші қызметкерді оның келісімінсіз науқас парағы ашылған кезеңде жұмысқа шығуға мәжбүрлей алмайды. Ал егер қызметкер келіссе, онда тараптар бұл үшін төлемнің мөлшері мен ерекшеліктерін келіссөздер арқылы шешуі керек.