СҚО дәріханаларын «жұмбақ сатып алушылар» тексерді
Солтүстік Қазақстан облысы ҚХА Аналар кеңесі фармацевтикалық препараттардың таралуын болдырмауға бағытталған «Жасыл сертификат» жобасы бойынша жұмысты қорытындылады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Жасыл сертификат» адал жұмыс істейтін және есірткінің таралуына қарсы «жұмбақ сатып алушылар» сынағынан өткен СҚО дәріханаларына берілді. Іс-шара жасөспірімдер мен жастар арасында тәуелділікті тудыратын дәрілік заттардың дәріханаларда сатылуын азайтуға бағытталған «Жасыл сертификат» жалпыұлттық жобасы аясында жүргізілді.