М.Жұмабаев ауданында шағын кәсіпкерлікті дамытудың арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болды
2024 жылдың басынан бері М.Жұмабаев ауданының экономикасына 14,9 млрд теңге инвестиция тартылды. Желтоқсан айының соңына дейін бұл көрсеткіш 20 млрд теңгеге дейін артады, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Рахат Смағұлов, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Ауданда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өсу үрдісі байқалады. Ағымдағы жылы 8 сауда нысаны, оның ішінде Булаев қаласында бір ірі көтерме-бөлшек супермаркет, Лебяжі ауылында диірмен, брусчатка мен металл бұйымдарын шығаратын цех ашылды. Бұл нысандардың ашылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді», – деді М. Жұмабаев ауданының әкімі