Азаматша қарбыз жеп қайтыс болды
48 жастағы мәскеулік қарбыз жеп қайтыс болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі NewTimes.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
“112” Telegram арнасының хабарлауынша, кеше түнде Ресей астанасындағы метро станциясының жанынан бір әйел жеміс сатып алған. Бұл туралы ақпаратты Мәскеу прокуратурасы растады.
Әйел қарбызды жеген соң ауырып, құсқан. Алайда ол жедел жәрдем шақырмаған. Жағдайы нашарлаған мәскеуліктің анасы дәрігерлерді шақырған. Мамандар оны өмірге қайтаруға тырысқанымен, мүмкін болмапты. Shot жазған дерекке сүйенсек, әйел Газпромбанктің қызметкері болған.
Қарбыз сараптамаға жіберілді, осыдан кейін мамандар өлімнің нақты себебін анықтайды. “МК”-нің хабарлауынша, марқұммен бірге екі туысы қарбыз жеген. Олардың денсаулығы қалыпты.