12 сәуір күні Петропавлда апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Сенбі, 12 сәуір күні Петропавл қаласында аудандардан келетін тауар өндірушілердің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды QZ News.
Қала тұрғындары үшін жәрмеңкеде сиыр еті, шошқа еті, қой еті, құс еті, сүт өнімдері, картоп, көкөністер, бал және тағы басқа 25-тей ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылады. Өнім бағалары нарықтағыдан 10-15% арзан болады.
Жәрмеңкеге келесі аудандар қатысады:
«Алтын Арман» базарында: Ақжар, Ғ. Мүсірепов, Тимирязев аудандары;
«Қызылжар Ақбастау» базарында: Есіл, Жамбыл, Уәлиханов аудандары;
«Дария» базарында: Мамлют ауданы.
Жәрмеңке уақыты: 8:30-дан 12:00-ге дейін.