2025 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Kozybayev University студенттері елдегі жетекші машина жасау кәсіпорнына өндірістік тәжірибеден өтуге жіберілді

Kozybayev University студенттері елдегі жетекші машина жасау кәсіпорнына өндірістік тәжірибеден өтуге жіберілді

May 29, 2025 18:09

Kozybayev University студенттері елдегі машина жасау саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі – «СарыаркаАвтоПром» ЖШС-де ақы төленетін өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болды. Бұл университет пен компания арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асты, деп хабарлайды QZ News.

Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл тәжірибе болашақ инженерлер үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Инженерия және цифрлық технологиялар факультетінің студенттері теориялық білімдерін нақты өндірістік ортада қолданып, заманауи машина жасау саласында баға жетпес тәжірибе жинай алады.

Кәсіпорын тәжірибеден өту үшін барлық қажетті жағдайларды жасап отыр: жатақхана, тамақтану және күнделікті жұмыс орнына дейін жеткізу қарастырылған. Бұл студенттердің тұрмыстық мәселелерге алаңдамай, кәсіби дағдыларды меңгеруге толықтай көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.

Shares