Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қызылордада СҚО диқандарын марапаттады
Қызылорда облысында еліміздің әр өңірінен келген диқандардың қатысуымен республикалық семинар-кеңес өтті. Ол бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелеріне арналды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Семинар-кеңес барысында Айдарбек Сапаров кәсіпкерлер адал жұмыс істеп, ауыл тұрғындарына жағдай жасап жатқан бірқатар ауылды атады. Ведомство басшысының айтуынша, олардың еңбектері құрметке және көпшіліктің қошеметіне лайық. Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы СҚО Новоникольское және Дайындық ауылдарында еңбек ететін шаруа қожалықтарының басшыларын ерекше тілге тиек етті.
Сонымен қатар, әр өңірден келген қатысушылар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған табысты тәжірибелерімен және инновациялық шешімдерімен бөлісті. Аймақтан «Зенченко және К» ЖШС директоры Геннадий Зенченко бастаған үш бірдей шаруа қожалығының басшылары сөз алды.
Алқалы жиын соңында министр бизнес мүдделерін қоғамдық міндеттермен сәтті біріктіру арқылы барлық жақтарға тиімді синергетикалық әсер тудыратындығын мысал ретінде көрсететін аграрлық сала өкілдеріне ерекше алғыс айтты.