2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да жыл басынан бері өрттен 12 адам қаза тапты

СҚО-да жыл басынан бері өрттен 12 адам қаза тапты

April 2, 2025 12:58

Петропавлда СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өңірдегі өрт жағдайы туралы баяндады. 2025 жылдың басынан бері облыс аумағында 122 өрт тіркелді. Өрт салдарынан 12 адам, оның ішінде 3 бала қаза тапты, 15 адам жарақат алды. Көміртегі тотығымен уланудан 1 адам көз жұмып, 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды QZ News.

2024 жылдың 1 қазанынан басталған жылыту маусымынан бері облыста 209 өрт тіркеліп, олардың материалдық шығыны 45 млн 755 мың теңгені құрады. Бұл өрттерде 22 адам, оның ішінде 4 бала қаза тауып, 20 адам жарақат алды.

«Облыс бойынша әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын 4 483 тұрғын үй есепке алынды, онда 11 392 адам, оның ішінде 4 411 бала тұрады. Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында осы үйлердің барлығында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Әлеуметтік осал топтар тұратын мекенжайларда өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында өрт хабарлағыштарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 4 010 үйге улы газ және түтін датчиктері орнатылды. Қосымша тағы 373 датчик қажет. Сонымен қатар, пешпен жылытылатын үйлерде тұратын 2 064 көпбалалы отбасы есепке алынды, оның ішінде 794 отбасы әлеуметтік осал топтар санатына кіреді. 1 381 үйге датчиктер орнатылды, тағы 702 үйге орнату қажет», – деді брифингте СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Аслан Ахметжанов.

Shares